Ата- аналар жиналысының хаттамасы » Ілияс Жансүгіров атындағы бастауыш мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(72643) 5-06-45
Сенім телефоны:
+7(72643) 5-06-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата- аналар жиналысының хаттамасы
01
ноябрь
2016

Ата- аналар жиналысының хаттамасы

№49 негізгі мектебінің мектепішілік ата-аналар жиналысының

№1 хаттамасы
20.10.2016ж
Қатысқандар: 85 адам
Төрайым мектеп директоры Байжұманова Г.Қ.
Мектеп әкімшілігі- 7 адам
Ата-аналары – 65 адам
Сынып жетекшілер- 13 адам
Ата-аналар комиттетінің төрайымы:Іргебаева Т.
Күн тәртібі:
1. 2016-2017 оқу жылының жұмысымен таныстыру - Байжұманова Г.Қ.
2. 2015-2016 ож атқарылған жұмыстарының есебі - Іргебаева Т.
3. Білім туралы заңының орындалуы -ДОТЖО:Сагымбекова Н.А.
4. Құқықтық тәрбие беру -ДТІЖО: Айдекеева А.О.
5. 2015-2016ож әлеуметтік педагогтың есебі - Дигарбекова Ж.Т.
6. 2016-2017ож оқушылардың кітаппен қамтамасыз етілуі-Набиева Қ.Б.
7. Мектептегі медициналық қызмет - Ордабаева А.А.
8. Әкелер кеңесінің мүшелерін сайлау
Тыңдалды:
1. Мектеп директоры жаңа 2016-2017 оқу жылының басталуымен құттықтап, ата-аналарды жаңа мектеп әкімшілік қызметкерлерімен таныстырды. Баланың жан-жақты тұлға болып дамуы үшін ата-аналар мен мектеп тығыз байланыста болу керектігін атап өтті және бір жыл бойы жасалған шаралар бойынша ата-аналар комитеті есеп беріп тұру керектігін айтты.
2. Ата-аналар комитетінің төрайымы Т.Іргебаева 2015-2016ож атқарылған жұмыстар бойынша есебін беріп, биылғы жылға жұмысқа кіруіне байланысты төрайымдық қызметтен босатуын сұрады.
3. Мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Сагымбекова биылғы жылдың 2 айдың ішіндегі жетістіктерін атады. Сонымен қатар мектептегі 2016-2017 оқу жылына бастауыш сыныптарында- 17, 5-9сыптарында- 22 факультатив сабақтары жүргізетінін, 13-үйірме ашылғанын айтты. Сыныптан тыс 2 үйірме: Балалар шығармашылық орталығынан қолөнер мен би үйірмесі жұмысын бастағанын ерекше атады.
4. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айдекеева А.О. мектептің ішкі тәртіп ережелерімен таныстырды. Сонымен қатар мектепте ұялы телефондарды қолдануға тиым салынғанын және бырыңғай мектеп формасы туралы айтып өтті. Мектепте хиджаб, орамал киюге болмайтынын және де ондай киім киетін оқушылардың жоқ екенін атады. 2015-2016 ож АІІБ-де есепте 3 оқушы болғанын, биылғы жылға оларды есептен шығарып, қазіргі кезде есепте мектептен оқушы жоқтығын айтты. Ата-аналарға кәмелетке толмаған жасөспірімдер ісі бойынша ҚР-ның Әкімшілік кодекс пен Қылмыстық кодекстің баптарын естеріне салып, түңгі уақытта кафе, клубта, саябақта ата-аналарсыз жүрген оқушыларды тексеру рейдтері жүргізіліп, ұсталынған оқушылардың ата-аналарына әкімшілік айып-пұл салынатының ерекше атады. Сонымен қатар жолда жүру ережелерін сақтау мен темір жол аймағынан өту сақтықтарын орындауға аса назар аудару керектігін айтты.
5. Мектептің әлеуметтік педагогы Дигарбекова Ж.Т. мектептің әлеуметтік паспортымен таныстырды. Мектептің стандарт бойынша барлық құжаттарды тапсырған аз қамтылған оқушылар саны - 25, және де олардың бүгінгі күнде ыстық тамақпен қамтылғанын айтты. Сонымен қатар «Мектепке жол-2016» акциясының қорытындысын атады.
6. Мектеп кітапханашысы Қ.Набиева жаңа оқу жылына келген оқулықтар бойынша мәлімет беріп, 2016-2017ож оқушылардың кітаппен қамтылғанын айтты.
7. Мектеп медбикесі Ордабаева А.А. мектептегі медициналық қызметтің жүргізілуін, бастауыш сыныптарға егу салу және де мектеп буфетіндегі аз қамтылған оқушыларға берілетін ыстық тамақты сапасын тексеру қызметімен айналысатынын айтты. Сонымен қатар ашық есік күндері кез-келген ата-ана меткепке келіп оқушыларға берілетін тамақтың сапасын бақылауына болатынын атады.
Мектеп психологы Г.Бегалиева барлық келген ата-аналардан сауалнама алды.
8. Әкелер кеңесінің мүшелері Тұрапбаев Мұрат, Сәрсенбаев Жандос, Кеншимов Ислам сайланды.

ШЕШІМ:
1. 2016-2017 оқу жылында мамандармен жұмысты жалғастыру
2. Күзгі демалыс кезінде әр сыныптың коммитет мүшелері жиналып, жаңа 2016-2017о.ж. комитет төрағасын сайлау.

Төрайым: Г.Қ.Байжұманова
Хатшы: А.О.Айдекеева

Похожие публикации: