Ата-аналар жиналысы » Ілияс Жансүгіров атындағы бастауыш мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(72643) 5-06-45
Сенім телефоны:
+7(72643) 5-06-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
октябрь
2016

Ата-аналар жиналысы

20 қазан 2016 жылы Ата-аналар жиналысы 
Ата-аналар жиналысы
Ата-аналар жиналысы
Ата-аналар жиналысы
Ата-аналар жиналысы
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Ж.Қ. Асановтың ҮНДЕУІ 10 қараша 2016 Прокуратура туралы» Заңның 25-2 бабын басшылыққа алып, келесі үндеу жасаймын. Әлемде 2 минут сайын 1 бала жыныстық зорлық-зомбылық көреді. Әрбір үшінші қыз 18-ге толғанша осындай жыныстық тиісуге ұшырайды екен. Бұл ғаламдық проблема. Онымен барлық мемлекеттер күресуде. Қазақстанда биыл 183 бала қылмыскерлердің құрбаны болды. Өткен жылдан әлдеқайда аз болса да (37% - 292), оны, әрине, құрғақ санмен өлшеу орынсыз. Әрбір жағдай – қоғам үшін үлкен трагедия, отбасына түскен қайғы-қасірет, баланың жанына салынған жазылмас жара. Биылғы жылы мұндай қылмысы үшін 111 адам сотталды. Аузынан ана сүті кеппеген баланы зорлау – нағыз азғындық. Мұндай қылмыс жасағандарды мемлекет аяусыз жазалайды - 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру. Олардың жазасы жеңілдетілмейді. Сотталғандар уақытынан бұрын босатылмайды, амнистияға жатпайды, олармен ешқандай процестік келісім жасалмайды. Жаза мерзімін толық өтейді. Мұндай қылмыскерлер балалармен жұмыс жасау құқығынан өмір бойына айырылады. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап химиялық кастрация қолданылмақ. Бұл дегеніміз қылмыскерлерді арнайы дәрі-дәрмектерді қабылдауға мәжбүрлейді. Құқықтық статистика комитетінің infopublic.pravstat.kz сайтында педофилдардың картасы іске қосылды. Онда олардың фотосуреті мен анкетасы бар. Бұл сервисті кез-келген адам еркін пайдалана алады. Көп жағдайда қылмыскерлердің арам ниетін жүзеге асыруға негізгі себеп – ересектердің мұқиятсыздығы. Санасы толық бекімеген, әр нәрсеге сенгіш, көнгіш жас бала сырттан келер қауіпті қайдан білсін? Сондықтан қараусыз қалған бүлдіршін – қылмыскерге оңай олжа. Балаларымыздың дені сау, өмірі қауіпсіз болсын десек, біріншіден, әрбір ата-ана сақ болуы қажет. Үйде, аулада, мектепте, демалыс орындарында, жалпы қай жерде болмасын баланы үнемі бақылауда ұстаңыз. Екіншіден, жеткіншектер қорлықты көбінесе танысы, тіпті жақыны, әкесі, ағасы сияқты адамдардан көреді. Балаға тиісу, алдау, күштеу әрекетін көрсеңіз, дереу 102-ге хабарласып, шара қолданыңыз. Үшіншіден, кейде болған істі айтпаймыз, жасырамыз, ұят болады дейміз. Бұл дұрыс емес. Онымен қылмыстың жасырын, созылмалы түрге айналуына көмектесеміз. Сондықтан балаңыздың намысы аяққа тапталса, үнсіз қалмаңыз. Бірден құқық қорғау органына хабарлаңыз. Төртіншіден, баланың араласып жүрген ортасы қандай, қай жерлерге жиі барады, интернетте кіммен дос, қандай сайттарда отыратынын байқап жүріңіз. Баламен жиі, ашық әңгімелесу – оны азғындардан қорғаудың ең тиімді амалы. Бесіншіден, қауіпті жағдайда не істеу керектігін балаға түсіндіріп үйреткен жөн. Ондай ақпаратты интернеттен және жақын арада іске қосылатын «Прокурордың 100 кеңесі» деген мобильдік қосымшадан алуға болады. Мұндай қылмыстардың алдын алу үшін тек мемлекеттің шаралары жеткіліксіз. Оған әрқайсысымыз жеке және бүкіл қоғам болып қарсы тұрайық.
Жамбыл облысы Шу қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 49 негізгі мектебі Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі Ақпараттық парақ 0-9 сыныптың ата-анасы!
Сіздердің назарларызға берілген хабарлама парағымен танысуыңызды сұранамыз! ҚР Әкімшілік кодексінің 127-бабы. Ата-аналардың немесе басқа да заңды өкілдерінің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауы. 1. Ата –аналардың немесе басқа да заңды өкілдерінің кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттрді дәлелді себептерсіз орындамауы,- жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген ,әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет-жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады. 442-бап.Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы. 1. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 2200-ден таңғы 600-ге дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы,-заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы-заңды өкілдеріне ескерту жасауға әкеп соғады. 3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген ,әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – заңды өкілдеріне он бес айлықесептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 4.Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген ,әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -заңды өкілдеріне он бес айлық есептік мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының бірінші бөлігінде көзделген,он төрттен он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адам жасаған ұсақ бұзақылық немесе бұзақылық-ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.Кез келген мақсатпен мектеп территориясына қару,жарылғыш заттар,газ баллон,өткір және кескіш заттар,алкогольдік сусындар,есірткі,улы заттар әкелуге болмайды. ҚР Қылмыстық кодексінің 10-бабы. Ішкі істер органдары өз құзыреті шегінде: 2) кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар,қоғамға іс-әрекет тер жасауға тартатын не балаларға қатысты басқа да құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасайтын адамдарды ,сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе)бағып-күту жөндегі өз міндеттерін орындамайтын немесе тиісінше орындамайтын,не олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен заңды өкілдеріне анықтайды және оларды Қазақстан Респуликасы заңдарында көзделген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қолданады; 15-бап Кәмелетке толмағандарды құқықтық жауапкершілікке тарту. Құқықтық жауакершілікке ауыр немесе аса ауыр (кісі өлімі,бопсалау,ұрлық,тонау,қарақшылық) қылмыс жасаған 14-16жастағы жасөспірімдер тартылады. Облыстық ішкі істер департаментінің деректері бойынша ұялы телефондарды,планшеттерді (іРаd)және басқа да бағалы заттарды ұрлау оқиғалары көбейгендіктен,мектептердың ішкі тәртіп ережелеріне ұялы телефондарды мектепке алып келуге тыйым салу жөніндегі тармақшасына енгізу туралы «Жамбыл облысы Шу ауданының әкімдігінің білім бөлімінің»КММ 15.09.2016 жылғы №04-2557 хатының негізінде №49 негізгі мектебі әкімшілігі Сіздердің назарларыңызға ұялы телефондарды, планшеттерді (іРаd) және басқа да бағалы заттарды мектепке алып келуге тыйым салынғандығы туралы хабарлайды. Біз,төменге қол қоюшылар,ата-аналар және оларды алмастырушы заңды өкілдер,балаларымыздың сабақтан тыс және демелыс кезіндегі өмір қауіпсіздігі мен денсаулығына ҚР-ың заңдамаларыны сәйкес толық жауап береміз деп міндет аламыз.