1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шаралардың өткізілуі туралы мәлімет » Ілияс Жансүгіров атындағы бастауыш мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(72643) 5-06-45
Сенім телефоны:
+7(72643) 5-06-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шаралардың өткізілуі туралы мәлімет
09
декабрь
2018

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шаралардың өткізілуі туралы мәлімет

№49 негізгі мектебі бойынша 2018 жылдың қараша айының 20 мен 30 аралығында 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған 
іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілді. Жоспар бойынша төмендегі жұмыстар атқарылды.:
1. Тарих пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Біздің көшбасшы» атты конференция өткізілді. Мұнда 8-9 сынып оқушылары президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың өмір тарихын айтып, әңгімеледі.
2. Қазақ тілі пән мұғалімдері Л.П.Сүттібаева мен Г.А.Нұрмайылованың бақылауымен барлық сыныптарда эссе, өлеңдер шығару, шығарма жазу байқаулары ұйымдастырылды. Ең жақсы деген шығармашылық жұмыстар іріктелініп, алынып, мақтау қағаздарымен марапатталды.
3. Кітапханада «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру: Ұлт көшбасшысы - Елбасы» тақырыбымен Н.Ә.Назарбаев туралы жазылған және ол кісінің өзі шығарған кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.
4. Әр сыныпта еліміздің тұңғыш президенті күніне арналған тәрбие сағаттары өткізілді.
5. 30 қараша күні мектепішілік «Президентіме – шын жүректен!» атпен салтанатты жиын өтті. Жиынға бүкіл мектеп оқушылары мен мұғалімдері қатысып, оқушылар өздері шығарған өлеңдерін оқыды, үздік шығарма жазған оқушыларға жүлделі орындар беріліп, мақтау қағаздарымен марапатталды. Бұл жиында мектептің үздік және белсенді оқушылары «Жасұлан» ұйымына қабылданды.