Мектеп туралы қысқаша мәлімет » Ілияс Жансүгіров атындағы бастауыш мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(72643) 5-06-45
Сенім телефоны:
+7(72643) 5-06-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
ноябрь
2016

Мектеп туралы қысқаша мәлімет

  • Мектептің іргесі 1952 жылы Шу қаласы Тоғай мөлтек ауданындағы
Коммунистическая көшесінің бойындағы ескі ғимаратта №315 бастауыш мектеп болып қаланған. /Басшысы: ҰОС ардагері, ұстаз Керейқұлов Қалығұл Керейқұлұлы/
  • 1976 жылы мектепке ҰОС батыр қызы «Мәншүк Мәметова» есімі берілді. /Басшысы: Күлшебаева Сая Бейсенқызы/ 1997 жылға дейін бастауыш мектеп болып қызмет көрсетті.
  • Мектеп 2003 жылы қайта құрылып, ашылды.Мектеп ғимараты ыңғайластырылған. Ғимараттың жер асты қабаты бар. Онда кітапхана, мейірбике кабинеті, буфет, аға тәлімгер, психолог кабинеттері мен гимнастикалық зал орналасқан.
  • Мектепте 9 оқу кабинеттері бар, оның: 6-уы сынып бөлмелері, 1-уі компьютерлік сынып, жер асты қабатында 1 -гимнаст. залы мен 1-ән, сурет, технология пәндеріне арналған кабинет орналасқан.
  • 2003-2008 жылдар аралығында (мектеп құрылғаннан бері) мектепті басқарушы директор Әліпбаев Есболат Доғдырбайұлы. 13 педагогикалық қызметкер жұмыс атқарды. Олардың жоғары білімдісі -5, арнаулы орта білімдісі -8. Оқу процесі екі ауысымда жүргізілді. Оқушылар саны 156, оның ішінде 97 оқушы 1-4 сыныптарда, 59 оқушы 5,6 сыныптарда. 2004 жылдан бастап, мектептің орналасқан жеріндегі халықтың тығыз орналасуына, яғни бала санының көп болуына байланысты 8,9 сыныптар (қосымша) ашылды. Оқушылар саны 217-ге жетті, оның ішінде бастауышта (1-4 сыныптар) 100, негізгі 5-9 сыныптарда 117 оқушы білім алды.
  • 2008-2011 оқу жылдарында мектеп басшысы (директор) Байшымыров Медет Бейсенғалиұлы. Педагогикалық қызметкерлердің саны -25, оның ішінде жоғары білімді -16, арнаулы орта білімді -8 және аяқталмаған жоғары білімді -1. Біліктілік санаттары бойынша: жоғары санатты -1, бірінші санатты -5, екінші санатты -6. Оқушылар саны 205, оның ішінде бастауыш сыныптарда оқитыны 90, негізгі сыныптарда 115. Мектепалды даярлық сыныбында 24 оқушы. Оқу процесі үш ауысымда жүргізілді.
  • 2011-2012 оқу жылында мекеме басшысы Мусаева Токжан Тохтарбайқызы. Мектепте 27 педагогикалық қызметкер жұмыс істейді. Олардың 23-і жоғары білімді, 3-уі арнаулы орта және 1-уі аяқталмаған жоғары. Біліктілік санаттары бойынша жоғары санатты – 1, бірінші санатты -9 және екінші санатты мұғалімдер саны - оқушылар саны 210, оның ішінде бастауыш сыныптарда -92, негізгі сыныптарда -118 оқушы және мектепалды даярлық сыныптарында -30 бала тәрбиеленеді.
  • 2012-2013 оқу жылында мекеме басшысы Сабралиев Бақытбек Абикевич. Мектепте 23 педагогикалық қызметкер жұмыс істейді. Олардың 24- жоғары білімді, 2-арнаулы орта. Біліктілік сан,аттары бойынша жоғары санаты – 1, бірінші санаты – 8 және ІІ –санатты 8. Оқушылар саны 198, оның ішінде бастауыш сыныптарда – 88 негізгі сыныптарда – 110 оқушы, мектепалды даярлық сыныптарында 30 бала тәрбиеленеді.
  • 2016-2017 оқу жылында мектеп басшысы Байжұманова Гүлназ Қазақбайқызы. Мектепте 25 педагогикалық қызметкер жұмыс істейді. Олардың 24-і жоғары білімді. Біліктілік санаттары бойынша жоғары санатты-5, бірінші санатты-8, екінші санатты-6. Санаты жоқ-5.Оқушылардың сан-209, оның ішінде бастауыш сыныпта-97, негізгі сыныптарда-112 оқушы, мектепалды даярлық сыныптарда-27 бала тәрбиеленуде.
  • №49 негізгі мектеп бойынша жалпы 23 түлек тәмамдап шықты. Қазіргі таңда олардың 7 түлек түрлі мамандық бойынша колледждерде, 6 түлек кәсіптік мектептерде және 10 түлек орта білім беретін мектептерде өз білімдерін шыңдауда.
  • 2019 оқу жылы мектеп бастауыш мектеп болып қалды. Мектеп басшысы болып Косаева Гулзипа Рахметжановна тағайындалды. Мектепте 15 мұғалім қызмет істейді. Оның 3-еуі жоғары санатты, 8-і санаты жоқ мұғалімдер. Мектепте жалпы саны 110 оқушы білім алуда. 
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 27 Вперед