Ауданнан берілген ноутбуктарды тарату жұмыстары жүргізілді. » Ілияс Жансүгіров атындағы бастауыш мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(72643) 5-06-45
Сенім телефоны:
+7(72643) 5-06-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ауданнан берілген ноутбуктарды тарату жұмыстары жүргізілді.
28
сентябрь
2020

Ауданнан берілген ноутбуктарды тарату жұмыстары жүргізілді.

№49 бастауыш мектебінде қашықтықтан оқыту жағдайында республикалық бюджеттен бөлінген 15 ноутбукты тарату жұмыстары жүргізілді. Ноутбук тарату алдында мектеп меңгерушісі Г.Косаева және әлеуметтік педагог Е.Азаматова ата-аналар комитетінің мүшелерімен және мектеп әкімшілігінен арнайы комиссия құрды. Ноутбук тарату бойынша арнайы құрылған комиссия мүшелері әлеуметтік педагог Е.Азаматова ұсынған жекелеген санаттағы, яғни аз қамтылған және көп балалы отбасы балаларының тізімін тексеріп шықты. Сол тізім бойынша комиссия мүшелері оқушылардың ата-аналарына ноутбуктерді тапсырды. 
Ноутбуктердің бағдарламасын мектеп әкімшілігі қосып, құрылғыларын толық көрсетіп берді. Бұл игі іс тамыз айынан "Мектепке жол" акциясынан жалғасуда. Тамыз айында мектептегі іске қосылып тұрған  компьютерлерді аз қамтылған отбасыларға берген. Сонымен қатар, қыркүйек айының басында қалған отбасыларға және ерекше білімді қажет ететін оқушыларға республикалық бюджеттен бөлінген 5 планшет және 15 отбасыға роутерлер таратылған. Алдағы уақытта иШу ауданы әкімдігінің білім бөлімі тарапынан компьютер( ноутбук, планшет) берілетін болса, қалған оқушыларымызды да қашықтықтан оқыту жағдайында қамтуды жоспарлап отырмыз.