1- желтоқсан Тұңғыш Президент күні! » Ілияс Жансүгіров атындағы бастауыш мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(72643) 5-06-45
Сенім телефоны:
+7(72643) 5-06-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1- желтоқсан Тұңғыш Президент күні!
30
ноябрь
2020

1- желтоқсан Тұңғыш Президент күні!

№ 49 бастауыш мектебінде " 1- желтоқсан Тұңғыш Президент күніне" орай 3-сыныптар арасында топтық сайыс өтіп, "Қыран" және "Тұлпар" командалары құрылды. Сайыс IV кезеңнен тұрды. 1-кезеңде оқушылар кезекпен қойылған сұрақтарға жауап берсе, 2-кезең "Сандар сыры", яғни, оқушылар ұяшықтарда жасырылған атаулы даталарға байланысты сұрақтарға жауап берулері керек болды. "Капитандар сайысы" кезеңінде әр топ көшбасшысы "Мен Президент болсам..." тақырыбында өз ойларын бөлісті. 4-ші шешуші кезеңде топтар берілген тест тапсырмаларына жауап іздеді. Сайысқа оқушылар белсене ат салысты.  "Тұлпар" тобының оқушылары ерекше ізденпаздықпен, шапшандықпен көзге түсіп, 1- орынды иеленді.