1-наурыз Алғыс айту күні!!!
№49 бастауыш мектебінде 28-ақпан күні мектеп психологы Мыңбаева Фатыгүл 4-сынып оқушыларымен " 1-наурыз Алғыс айту" күніне орай тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағаты барысында әртүрлі тренингтер жүргізіп, оқушылармен ойын ойнату арқылы бір- біріне деген жылы лебіздерін білдіртті. Мейірімділік тақырыбында оқушылар көрініс көрсетіп, сабақ барысында жасаған қолөнерлерін бір-біріне ұсынды. Сабақ қорытындысында оқушылар бәріне Алғыстарын айтып, мейірімділік тақырыбын одан ары түсінгендерін айтты!